15 тамыз күні сағат 14:38-де Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылдық округінің ашық аумағында үш бөлек учаскеде құрғақ шөптің жану фактісі тіркелді

Өрт шарпыған аумақтар:

* Еспе учаскесі – 80 гектар;
* Жылқыбай учаскесі – 85 гектар. 16 тамыз күні сағат 14:05-те өрт оқшауланды;
* Ұзынбұлақ учаскесі – 95 гектар.

Өртті сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінен 43 адам мен 7 техника, жергілікті атқарушы органдардан 70 адам мен 12 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, өрт сөндірушілерге көмек көрсету үшін 68303 әскери бөлімінен 50 әскери қызметші мен 4 техника тартылды.

Өрт сөндіру жұмыстарына «Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-8 тікұшағы жұмылдырылып, әуеден 22 рет су төгілді. Жалпы көлемі – 66 тонна су.

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын толық сөндіру және өрттің одан әрі таралуына жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Оқиға орнындағы жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап