Тәуелсіздіктің 35 жылдығы: Семейде мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық басталды. Мерейлі дата қарсаңында Семей қаласы да мерекелік кейіпке еніп жатыр.

Қала көшелері мен ғимараттарында мерекеге арналған безендіру элементтері орнатылып, жарық композициялары қойылуда. Көрнекі безендіру жұмыстары шаһардың сәулеттік келбетін айшықтап, тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлауға бағытталған.

Бұл – ел тарихындағы маңызды белесті ұлықтап, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін кеңінен насихаттауға арналған дайындық жұмыстарының бір бөлігі.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап