Абай облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшқыштары медициналық көмекке мұқтаж 57 жастағы әйелді Ақсуат ауылынан Семей қаласына жеткізді.
Әйелдің денсаулығына байланысты оны облыс орталығына шұғыл жеткізу қажет болған. Осыған орай ТЖМ авиациялық жасағына шақырту түсіп, экипаж Ақсуат ауылына ұшып барған.
Құтқарушылар науқас әйелді Семей қаласына уақытында жеткізіп, әрі қарай ем қабылдауы үшін медицина қызметкерлеріне тапсырды.
Пікір қалдыру