📰Облыс әкімі «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілеспен кездесті

Кездесуде Ержан Байтілес аймақ басшысы Берік Уәлиді «Қазақ газеттері» ЖШС-інің қызметімен таныстырды.  

«Қазақ газеттері» ЖШС құрамына еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Уйғур авази», «Ұлан», «Ақ желкен», «Балдырған» және «Дружные ребята» басылымдары кіреді.


🔷Кездесуде республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайту, жергілікті басылымдардың әлеуетін арттыру, ұлттық баспасөздің бүгінгі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. 


Сондай-ақ, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларды, тарихи-мәдени мұраларды республикалық ақпарат кеңістігінде кеңінен таныту мәселелері жөнінде пікір алмасты.


«Өңірлік баспасөздің қоғам өміріндегі орны ерекше. Жергілікті журналистер ел ішіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың тыныс-тіршілігін күнделікті назарда ұстайды. Сондықтан республикалық және аймақтық ақпарат құралдарының арасындағы байланысты нығайту маңызды. Ұлттық баспасөздің мазмұнын байытып, қазақ тіліндегі сапалы ақпараттың үлесін арттыруға, дәстүрлі журналистиканың беделін көтеруге күш салуымыз қажет. Абай облысының рухани-мәдени өмірі, тарихи мұрасы мен бүгінгі даму қарқыны республикалық басылымдарда кеңінен көрініс табуы тиіс. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Берік Уәли.


⚫️Кездесу барысында Ержан Байтілес өңірлік журналистиканы дамытуға қатысты пікірін білдіріп, Абай облысының жетістіктерін республикалық деңгейде таныту, ұлттық руханият пен мәдени құндылықтарды насихаттау бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап