Аймақ басшысы Берік Уәли Абай ауданындағы құрылысы көп жылдан бері аяқталмай, созылып келе жатқан әлеуметтік нысандарға арнайы барды.
Облыс әкімі әуелі Кеңгірбай би ауылы маңындағы Қарашоқы шатқалында салынып жатқан балалар лагерінің құрылысын көрді. Бір ауысымда қырық баланы қабылдауға мүмкіндік беретін нысанның құрылысы 2023 жылы басталғанымен, мердігерлердің жауапсыздығынан аяқталмай отыр. Қазіргі таңда ғимаратта жылыту жабдықтарын орнату және ішкі әрлеу жұмыстары қалған. Лагерь орналасқан аумақта орталықтандырылған ауыз су жүйесінің болмауына байланысты тасымал арқылы жеткізілуде. 
«Мұндағы құрылыс жұмыстарын оқушылардың жазғы демалысына дейін аяқтауымыз керек. Сондықтан жұмысты жандандыру қажет», - деді облыс әкімі.


«Абай ауданындағы «сақалды құрылыстарды», яғни, құрылысы ұзаққа созылып кеткен нысандар, балалар лагері мен спорт модулінің құрылысын өз көзіммен көрейін деп арнайы келіп отырмын. Мердігер мекемелердің нысандарды уақытында қолданысқа беруін бақылауда ұстайтын боламыз», - деді аймақ басшысы.
Пікір қалдыру