Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жастар саясатының жүзеге асырылуы және мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстардың қорытындысы қаралды.
Биыл өңірде 7350 жас жұмыспен қамтылып, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2 пайызды құрады. NEET санатындағы жастар саны 42,1 пайызға азайды. «Жасыл ел» жобасы арқылы 1001 жас маусымдық жұмысқа тартылды.
Аймақ басшысы жастарды жұмыспен қамту, құқық бұзушылықтың алдын алу, волонтерлікті дамыту жұмыстарын күшейтуді, келесі жылы «Жасыл ел» жобасы арқылы 1300 жасты жұмыспен қамтуды және «Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасын жалғастыруды тапсырды.
Мемлекеттік сатып алу саласында бәсекелестік артып, конкурс жеңімпаздарының 67,7 пайызын жергілікті кәсіпорындар құрады. Құқық бұзушылықтардың аздығы бойынша Абай облысы республикада екінші орынға ие болды.
Облыс әкімі мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етіп, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қатаң бақылауды тапсырды.
Пікір қалдыру