⚡️Халықаралық форум делегаттары Павлодарда Ертіс өзенінің дамуымен танысты

«Ертіс: достық өзені – даму өзені» II халықаралық форумының пленарлық отырысынан кейін облыс әкімі Берік Уәли бастаған делегация бағдарламаны өзен экспедициясы форматында жалғастырды. Бағыт бойында орталық жағалау және жаңа көпірдің құрылысы таныстырылды.

📍Павлодардың орталық жағалауы 6 шақырымнан астам аумаққа созылып жатыр. Бүгінде еліміздегі ең ұзын әрі абаттандырылған жағалаулардың бірі саналады. Ал 1962 жылы салынған қолданыстағы автокөлік көпірі «Қызылорда-Павлодар-Успен-РФ шекарасы» республикалық автокөлік жолының бойында орналасқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылдан бері Ертіс арқылы өтетін жаңа экстрадозды көпірдің құрылысы жүргізілуде. 

Форум аясындағы маңызды шаралардың бірі – Ертіс өзенін балықтандыруға бағытталған экологиялық акция. Іс-шараға форум делегаттары қатысып, өзенге 1000 бекіре шабағын жіберді. 

🗣️Өзен экспедициясымен танысқан аймақ басшысы өңірлер арасындағы көлік, экономикалық және экологиялық байланыстарды дамыту бағытындағы жобалардың маңызын атап өтті.


Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап