Руханият ордасы жаңа кейіпте: Ақсуатта заманауи «Комьюнити-орталық» ашылды

 Ақсуат аудандық орталық кітапханасы жаңа үлгідегі заманауи «Комьюнити-орталық» ретінде қайта жаңғырып, есігін айқара ашты.
✨ Бұл ауқымды жоба облыс әкімі Берік Уәлиұлының бастамасымен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен «Тана» қоғамдық қорының қолдауымен «Jana klub» жобасы аясында сәтті жүзеге асырылды.

Салтанатты іс-шараның ашылуында Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан мен аудан әкімінің орынбасары Тілек Еркінғазыұлы құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасының ауылдық жердегі нақты көрінісі осындай заманауи орталықтар екенін атап өтті.

💡 Жаңа орталықтың ерекшелігі неде?
Бұл жер тек кітап оқу залы ғана емес, ауыл жастары мен тұрғындарының басын қосатын, шығармашылық идеялар туатын, коворкинг пен мәдени басқосулардың негізгі алаңына айналмақ. Мұнда заманауи технологиялармен жұмыс істеуге, білімді жетілдіруге және бос уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған.
Кітапқұмар қауымды жаңа рухани ошақтың ашылуымен құттықтаймыз! 
#Ақсуат #АбайОблысы #JanaKlub #Қаза

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап