10–14 қараша күндері Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында Қазақ күресінен 2009–2010 ж.т. жасөспірімдер арасында Диқанбай Биткөзов жүлдесіне арналған Азия кубогі өтті.
Дүбірлі додада М. Имашев атындағы БЖСМ-нің балуандары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады! 🇰🇿
Жүлдегерлеріміз:
🥉 55 кг салмақ дәрежесі: Юсупжан Әкежан — III орын
🥉 60 кг салмақ дәрежесі: Қанатбеков Ералы — III орын
Спортшыларымызды осынау биік жетістікке баптап, жеңіске жетелеген білікті жаттықтырушылары Кеңесов Ернат пен Бекбаев Қуатқа зор алғыс білдіреміз! 👏
Жас балуандарымызды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Алдағы уақытта бұдан да биік белестер мен алтын медальдар тілейміз!
АЗИЯ КУБОГІНЕН ҚОС ҚОЛА! 🥉🥉
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру