✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның индустриалдық әлеуетін дамытуға China Nonferrous Metal Mining тобының атсалысуын жоғары бағалады. Компания халықаралық тау-кен және металл өндірісінде мол тәжірибе жинақтаған.
✔️Президент Ақтоғай кен орнында мыс балқыту зауыты салына бастағанын ерекше маңызды оқиға деп атады. Бұл жоба Абай облысының экономикасын және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін өркендетуге тың серпін береді.
✔️Мемлекет басшысы атап өткендей, Қытай Қазақстанның сауда-инвестиция салаларындағы негізгі стратегиялық және экономикалық серіктестерінің бірі саналады, ал бүгін басталған зауыт құрылысы екі елдің ынтымақтастығы қарқынды ілгерілеп келе жатқанын көрсетеді.
✔️СNMC басшысы Вэнь Ган ауқымды жобаны жүзеге асыруға сенім артқаны, сондай-ақ салтанатты рәсімге қатысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
✔️Вэнь Ган Қазақстан Президентіне СNMC құрылыс жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізетінін және озық технологияларды қолдана отырып, бекітілген мерзімде аяқтайтынын, сондай-ақ өнеркәсіп пен экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтайтынын жеткізді.
✔️Оның айтуынша, жобаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жергілікті маман даярлау және тәжірибе алмасу салаларында ынтымақтастықты кеңейтеді.
✔️Кездесу соңында аталған зауыт Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның тағы бір табысты үлгісіне айналып, металлургия мен терең өңдеу бағытындағы бірлескен жұмысқа жол ашатыны атап өтілді.
Пікір қалдыру