Мемлекет, қоғам және отбасы: өзара байланыс пен ортақ жауапкершілік

Мемлекет, қоғам және отбасы – бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыратын маңызды әлеуметтік институттар. Бұл үштік үйлесімді жұмыс істеген жағдайда ғана тұрақты әрі дамыған қоғам қалыптасады. Отбасы – қоғамның негізі болса, қоғам сол отбасылардың құндылықтары мен өмір салты арқылы дамиды, ал мемлекет осы үдерістердің құқықтық және әлеуметтік негізін қамтамасыз етеді.

- Отбасы адам тұлғасының қалыптасуындағы алғашқы әрі ең маңызды орта болып табылады. Дәл осы жерде адамгершілік құндылықтар, жауапкершілік, өзара құрмет пен сенім қалыптасады. Отбасында берілген тәрбие кейін қоғамдағы мінез-құлық пен азаматтық ұстанымға тікелей әсер етеді.Қоғам отбасылық құндылықтарды сақтауда маңызды рөл атқарады. Ол мәдени дәстүрлер, әлеуметтік нормалар, қоғамдық пікір арқылы отбасының орны мен маңызын айқындайды,- деді Қалалық қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің облыс және қала бойынша өкілінің орынбасары,облыс және қала бойынша қоғамдық полиция көмекшісі Айнагүль Жамбырбаева.

Мемлекет өз кезегінде отбасыларды қорғау мен қолдауға бағытталған саясат жүргізеді. Ана мен баланы қорғау, білім мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту, әлеуметтік қолдау шаралары – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктер отбасылардың әл-ауқатын арттырады.

-Қазіргі жаһандану мен цифрландыру дәуірінде отбасы жаңа сын-қатерлерге тап болуда. Ақпараттық жүктеме, өмір қарқынының жылдамдауы, әлеуметтік өзгерістер отбасылық қарым-қатынасқа әсер етеді. Мұндай жағдайда мемлекет пен қоғамның бірлескен қолдауы ерекше маңызды.Қорытындылай келе, мемлекет, қоғам және отбасы арасындағы үйлесімді байланыс – елдің болашағының берік негізі. Әрқайсысы өз рөлін жауапкершілікпен атқарған кезде ғана ұрпақ тәрбиесі сапалы болып, қоғам тұрақты дамиды,- деп атап өтті Айнагүль Жамбырбаева.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап