Абай облысында 14–35 жас аралығындағы жастар саны 150,2 мың адамды құрайды, бұл облыс халқының төрттен бірі. NEET санатындағы жастар үлесі – 2,1% (2 346 адам).
2025 жылы өңірде 3 жоғары оқу орны жұмыс істеп, онда 20,4 мың студент білім алуда. Жатақханамен қамту мәселесі толық шешілген. Сонымен қатар, шетелдік студенттер, «Серпін» бағдарламасына қатысушылар мен қандастар білім алуда.
Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма 2025 жылдың сәуірінде құрылды. Өңірде 13 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, онда 109 қызметкер еңбек етеді. ЖРО қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі 2026 жылғы бюджет аясында қарастырылуда.
Облыс әкімдіктері жанынан 12 жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс істейді, олардың құрамының 80%-ға жуығы – жастар.
Әлеуметтік-экономикалық қолдау
Экономикалық белсенді жастар саны – 114,7 мың, оның 97,6%-ы жұмыспен қамтылған. Жастар жұмыссыздығы деңгейі – 2,4%.
2025 жылы 9 614 жас түрлі бағдарламалар арқылы жұмысқа орналастырылды.
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында:
• 96 жас маманға тұрғын үй несиесі берілді;
• 315 адамға көтерме жәрдемақы төленді.
Кәсіпкерлік бағытында:
• 315 жас «Бастау Бизнес» жобасымен оқытылды;
• 61 жасқа қайтарымсыз грант берілді.
NEET жастармен жұмыс
149 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 1 540 жас қамтылды. Жастарды оқыту, жұмысқа орналастыру, кәсіпке бағыттау және психологиялық қолдау шаралары жүргізілуде.
Маусымдық және тұрғын үй бағдарламалары
«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1 000 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. 2026 жылы квотаны 1 500 адамға дейін арттыру жоспарлануда.
2025 жылы тұрғын үй кезегіндегі 413 жас баспанамен қамтамасыз етілді. Семей қаласында «Абай жастары» өңірлік бағдарламасы іске асырылуда.
Идеологиялық және тәрбиелік бағыт
Есірткі, лудомания және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 393 іс-шара өткізіліп, 62 мыңнан астам жас қамтылды.
Патриоттық, рухани және экологиялық бағыттағы жобалар кеңінен жүзеге асырылды.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы
Мерейтой аясында республикалық және облыстық деңгейде ауқымды іс-шаралар өтіп, 500-ге жуық волонтер тартылды. Жастардың белсенді қатысуымен мәдени, танымдық және еріктілік жобалар іске асырылды.
Алдағы міндеттер
Алдағы кезеңде жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ЖРО әлеуетін күшейту, патриоттық тәрбие мен халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға басымдық беріледі.
Абай облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру