Бүгін ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларын жариялады. Деректер stat.gov.kz сайтында «2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы» бөлімінде орналастырылған.
Екінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (БҰҰ ФАО) қолдауымен 2025 жылғы 1 тамыз-20 қазан аралығында өтті. Ол шамамен 20 жыл ішінде осындай көлемдегі ауыл шаруашылығы саласына жүргізілген алғашқы зерттеу болды және 2006-2007 жылдардағы алдыңғы санақ кезіндегі өзгерістерді бағалауға мүмкіндік берді.
Санақ бүкіл Абай облысы бойынша 10,7 мыңға жуық ауыл шаруашылығы құралымдарын және 64,8 мың жеке қосалқы шаруашылықтарды қамтыды. Ауыл шаруашылығы құралымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды қамту 97,7%-ды құрады.
Деректерді жинау цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүргізілді. Онлайн-санақтан ауыл шаруашылығы құралымдарының 98%-ы және жеке қосалқы шаруашылықтардың 38%-ы өтті. Респонденттерге барған кезде интервьюерлер планшеттердегі санақ парақтарын толтырды.
Санақаралық кезеңде ауыл шаруашылығы құралымдарының саны 22,3%-ға - 8,8 мыңнан 10,7 мыңға дейін өсті.
Санақ қорытындылары интерактивті виджеттер мен дашбордтарда, электрондық машинада оқылатын кестелерде берілген.
Интерактивті құралдар аумақтар мен шаруашылық санаттарын салыстыруға мүмкіндік береді, ал электрондық кестелер деректерді өз бетінше талдау үшін жүктеп алуға мүмкіндік береді.
Негізгі көрсеткіштермен қатар агротехнологиялар мен цифрлық шешімдерді қолдану, кооперация, қаржыландыру мен инфрақұрылымға қолжетімділік туралы мәліметтер жарияланды. Олар мемлекеттік органдарға қолдау шараларын жоспарлауға, бизнеске – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктерін бағалауға, зерттеушілерге – саладағы өзгерістерді зерттеуге көмектеседі.
Ұлттық статистика бюросы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге және ел тұрғындарына санаққа қатысқандары үшін алғыс білдіреді! 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындыларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://agro-census.stat.gov.kz/
Пікір қалдыру