Қазақстан Marsh CFA Institute Global pension Index 2026 Халықаралық зейнетақы жүйелері рейтингінде 55 ел мен аумақ арасында 29-шы орынды иеленді. Ел АҚШ, Испания, Қытай, Жапония, Италия және Оңтүстік Кореядан озып, 100-ден 64,8 ұпай жинады.
Рейтингті құру кезінде сарапшылар зейнетақы төлемдерін, ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты және зейнетақы қорларын басқару сапасын бағалады.
Қазақстан зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіші бойынша ең мықты позицияларын көрсетті. Осы критерий бойынша ел 74,4 балл жинап, әлемде 8-ші орынға ие болды. Бұл ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету қабілетін бағалауды көрсетеді.
Қазақстан зейнетақы жүйесін реттеу мен басқару сапасы бойынша тағы бір жоғары нәтижеге қол жеткізді – 100-ден 83 балл және 19-шы орын.
"Қазақстанның зейнетақы жүйесі табыс деңгейі әртүрлі азаматтар үшін салықты шегергеннен кейін жоғалған жалақыны зейнетақымен алмастырудың жеткілікті жоғары коэффициентін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметкерлерді кәсіби зейнетақы бағдарламаларымен кеңінен қамтумен сипатталады. Сонымен қатар, жүйе тиімді реттеу мен басқарумен, зейнетақы жүйесіне қатысушылардың құқықтарын қорғаудың жоғары деңгейімен және азаматтарды жақсы хабардар етумен ерекшеленеді", – делінген сарапшылардың қорытындысында.
Marsh CFA Institute Global Pension Index 2026-жеткіліктілік, тұрақтылық және тұтастық көрсеткіштері бойынша әлемнің 55 зейнетақы жүйесін салыстыратын жыл сайынғы халықаралық рейтинг.
Қазақстан зейнеткерлікке шығуға арналған үздік елдер тізіміне енді
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру