Қазақстан әлемдік туристік рейтингте бірқатар елден озып, өңір көшбасшысына айналды. Еліміздің көрсеткіші қаншалықты өсті және ТОП-10-ға кімдер енді?
Қазақстан туризмді дамыту бойынша халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, еліміз Өзбекстаннан 20 сатыға, Қырғызстаннан 37 сатыға озып шықты. Соңғы екі жылда Қазақстанның көрсеткіші 1,6 пайызға жақсарған. Дүниежүзілік экономикалық форумның зерттеу нәтижелері Visual Capitalist басылымы жариялаған әлемнің жаңа туристік картасында көрініс тапты.
Қазақстан жеті балдық жүйе бойынша 4,09 балл жинаған. Ал Өзбекстан 3,69 баллмен 76-орынға, Қырғызстан 3,44 баллмен 93-орынға жайғасқан.
Әлемдік рейтингте Қазақстан Филиппин, Әзербайжан, Оман, Мысыр және Марокко секілді мемлекеттерден жоғары тұр.
Travel & Tourism Development Index 2026 есебіне сәйкес, Қазақстанның туристік әлеуетін бағалау көрсеткіші 2024 жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға өскен. Ал 2019 жылмен салыстырғандағы өсім 2,4 пайызды құрады.
Пікір қалдыру