Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстанда футболды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында облыс әкімі Берік Уәли KAZ Minerals Тобының басшылығы және «Елімай» футбол клубының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамыту мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылғы маусымда облыс атынан UEFA Конференциялар лигасына қатысатын «Елімай» футбол клубының алдағы даму болашағы талқыланды.
Кездесу барысында инфрақұрылымдық базаны дамытуға, жас футболшыларды даярлауға және алдағы маусымдарда клубтың жүйелі жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.
KAZ Minerals Тобы клубтың қызметін ұйымдастыруға, соның ішінде клуб командаларының Қазақстан Республикасының ішкі жарыстарына және Еурокубоктарға қатысуын қамтамасыз етуге қатысты міндеттемелерін растады.
«Елімай» футбол клубы — бұл жай ғана спорттық команда емес, Абай облысының тарихи және заманауи болмысының бір бөлігі. Біз үшін клубтың дамуы инфрақұрылымға және жас спортшыларды даярлауға негізделген жүйелі әрі тұрақты болғаны маңызды. Мемлекет пен бизнестің сындарлы өзара іс-қимылы өңірде футболдың одан әрі дамуын қамтамасыз етеді деп сенемін», — деді Берік Уәли.

«KAZ Minerals өңірлердегі көптеген бағытта, оның ішінде спорт инфрақұрылымы саласында ұзақ мерзімді әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Біз спортты дамытуға өңірдің болашағына салынған инвестиция ретінде қараймыз және қоғамдық маңызы бар жобалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге ашықпыз», – деді ол.
Пікір қалдыру