ЦОН мобильді қосымшасында «айнадай» және «қалаулы» мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне онлайн тапсырыс беру сервисі іске қосылды. Бұл қызмет азаматтарға үйден шықпай-ақ өтінім рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Өтінім беру процесі бірнеше минут қана уақыт алады: пайдаланушы ЦОН қосымшасында нөмір мен серияны көрсетеді, ал өңір өтініш берушінің тіркелген мекенжайына сәйкес автоматты түрде анықталады. Жүйе таңдалған комбинацияның бос немесе бос емес екенін бірден көрсетеді.
Егер нөмір бос болса, пайдаланушы бірден төлем жасап, дайын нөмірді алатын ыңғайлы бөлімшені таңдай алады. Ал таңдалған комбинация бос болмаса, жүйе бұл туралы хабарлап, басқа нұсқаны енгізуді ұсынады.
- Сервистің іске қосылуы цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы кезекті қадам болып табылады және азаматтардың жайлылығы мен қолайлылығына бағытталған, - деп атап өтті корпорация өкілдері.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 5 қаңтардан бастап қазақстандықтарға өз көлігі үшін мемлекеттік нөмірді еркін таңдауға мүмкіндік берілетінін хабарлаған болатын.
Қазақстанда «әдемі» мемлекеттік нөмірлерді енді онлайн тапсырыс беруге болады
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру