Конституциялық өзгерістерді бастамашылық ету мен жүзеге асыруда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін ерекше атап өткен жөн. Мемлекет басшысының бастамасымен мемлекеттік институттарды жаңғыртуға, заңдылықты нығайтуға және адам құқықтарын қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды конституциялық реформа жүзеге асырылды. Президент Әділетті Қазақстан құру, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, заңнаманың сапасын арттыру және мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту қажеттігін үнемі атап өтіп келеді. Мемлекет басшысы 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық заңнаманы жаңарту, оның ішінде жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу міндетін қойды. Осылайша, конституциялық реформа мен заңнаманы одан әрі жетілдіру мемлекеттік құқықтық саясаттың өзара байланысты бағыттары болып табылады.
2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституцияның қабылдануы тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи кезең болды. Ата Заң мемлекеттілікті нығайтуға, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жаңа конституциялық құндылықтарды бекітті. «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», адам қадір-қасиетін құрметтеу, қоғамдық диалог, білім, ғылым, мәдениет пен инновацияларды дамыту қағидаттары ерекше маңызға ие. Алайда Конституцияның қабылдануы – ауқымды өзгерістердің бастамасы ғана. Басты міндет – оның ережелерін іс жүзінде жүзеге асыру және заңнаманы жаңа конституциялық талаптарға сәйкестендіру.
Бұл идея Конституциялық Соттың Жолдауында жүйелі түрде көрініс тапқан.
2026 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Әзімова «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жыл сайынғы Жолдауын таныстырды. Бұл Жолдаудың саяси-құқықтық маңызы ерекше, өйткені ол Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қолданысқа енгізілген кезеңде алғаш рет ұсынылды. Құжат Конституциялық Сот қызметінің қорытындысын шығарып қана қоймай, ұлттық құқық жүйесін жетілдірудің маңызды бағыттарын да айқындайды.
Конституциялық Соттың Жолдауы – конституциялық заңдылықтың жай-күйіне баға беретін, заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын маңызды конституциялық-құқықтық құжат. Оның негізгі маңызы – Конституциялық Соттың қолданыстағы құқықтық мәселелерді анықтап, заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарға назар аударуы, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу жолдарын айқындауы. Жолдау Конституция үстемдігін нығайтуға, конституциялық бақылауды дамытуға және конституциялық нормаларды қолданудың бірыңғай тәсілдерін қалыпта
Пікір қалдыру