Абай облысының өңірлік кадр резерві туралы

2023 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің № 255 Жарлығымен өңірлік кадр резервін қалыптастыру және тағайындау қағидалары бекітілді. 

Өңірлік кадр резерві – өңірлердің дамуына қажетті білікті мамандарды даярлап, оларды мемлекеттік қызметке тарту үшін құрылған арнайы жоба. 

2024 жылы еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілді. Абай облысында іріктеуге 398 өтінім қабылданып, нәтижесінде 25 үміткер өңірлік кадр резервіне іріктеліп алынды.

Өңірлік резервте болу мерзімі – 2 жыл. 

Бұл жоба жастарға сайланған лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда басшылық лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік береді.

Бүгінде өңірлік резервке қабылданған 25 резервшінің 13-і мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды, олардың 11-і басшылық лауазымдар. Резервшілер Қаржы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары басшыларының орынбасарлары, Курчатов қаласы, Ақсуат, Жаңасемей және Мақаншы аудандарының әкімі орынбасарлары ретінде қызмет атқаруда. Сонымен қатар, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Жарма ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері және Семей қаласы, Аягөз және Үржар аудандарының дербес бөлімдерінде де басшылық лауазымдарды иеленіп отыр.

Өңірлік кадр резерві ел өңірлерін дамытуға бағытталған және жаңашыл идеяларды басқару жүйесін жаңғыртуға ықпал етеді. 

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

 

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап