Осы орайда, Абай облысы Ақсуат ауданы Қызыл Кесік ауылындағы Би Боранбай атындағы мектептің 2016 жылғы түлектері айтулы әрі үлгілі іс атқарды. Мектеп бітіргендеріне 10 жыл толған алтын ұя түлектері ауыл орталығындағы саябаққа биіктігі 22 метр болатын зәулім Мемлекеттік Туды орнатты.
Бұл көк тіреген байрақ — жай ғана сәулеттік нысан емес, ауыл жастарының Отанға деген шексіз махаббатының, бірлігі мен патриоттық рухының белгісі. Енді ауылдың қақ ортасында желбіреген Көк ту әрбір тұрғынның, әсіресе өскелең ұрпақтың бойында мақтаныш сезімін ұялатып, оларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін болады.
Туған жерге тағзым ету — әрбір азаматтың перзенттік парызы.
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру