▶️Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Күн тәртібінде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының 2026 жылғы қорытындысы қаралып, қаладағы қылмыстың жай-күйі талқыланды. Сонымен қатар теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Отырыс қорытындысында құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Осы міндеттерді орындау барысында жауапты органдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, профилактикалық жұмысты жүйелі жүргізу қажеттігі айтылды.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап