УСТЕМ ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

Абай облысының айтыскер ақыны, «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртайұлы Ақтөбе төрінде өткен республикалық айтыста үздік өнер көрсетіп, І орынға ие болды.

«Жаңа дәуір – Жасампаз ел» атты жыр додасы 14 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылды. Байқауға еліміздің әр өңірінен 10 ақын қатысып, суырыпсалма өнердің озық үлгілерін көрсетті.

Тағы бір мәрте Абай елінің мерейін асырған Рүстем Қайыртайұлын жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз! перевод

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап