Бүгін ауылдық жерлерде шағын гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізу аясында Қазақстанның Азаматтық Альянсының командасы Абай облысы, Шалабай ауылына барды

Ауылда «Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту» бағыты бойынша берілген шағын грант аясында «Келешек-Будущее» қоғамдық бірлестігі «Ұлы дала ізі» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында ауыл жастарының туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Тарих күні» іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға көне қорғандардың тарихы, олардың тарихи және мәдени маңызы туралы ақпарат берілді. Жастар арасында жүлделер тігілген танымдық викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, жоба аясында бұған дейін қорғандардың орналасқан жерлеріне апаратын және тарихи нысандардың аумағына ақпараттық көрсеткіштер орнатылған. Нысан аумағында қатысушыларға оның тарихы, археологиялық деректері, өткенді зерделеудегі маңызы және тарихи-мәдени мұраны келер ұрпақ үшін сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды.

Мұндай бастамалар ауыл жастарын туған өлкенің тарихын зерделеуге тартып, мәдени мұраға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және ауылдық жерлерде азаматтық белсенділікті дамытуға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап