Астана қаласында 13–15 қараша күндері алғаш рет ұйымдастырылған «1000 мақал – 1000 бала» республикалық мақал-мәтелдер турнирінде семейлік оқушы топ жарды.
Еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық бала қатысуға өтініш білдірген байқаудың финалдық кезеңіне 100-ден астам оқушы жолдама алды.
Абай облысының намысын қорғаған Семей қаласындағы №50 жалпы орта білім беретін IT мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Бексұлтан Советов мақал-мәтелдерді жетік меңгергенін көрсетіп, тапқырлығы мен шешендік өнерінің арқасында бас жүлдені иеленді.
Пікір қалдыру