Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады. Аудан экономикасының негізгі салаларында өсім қамтамасыз етіліп, жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Жарма ауданы әкімінің айтуынша, биылғы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 45,5 млрд теңгеге жетті. Ауданда 95,7 мың бас ірі қара, 54,5 мың бас жылқы және 222,8 мың бас қой мен ешкі тіркелген.
Инвестиция тарту бағытында жалпы құны 135,7 млрд теңгені құрайтын 12 жоба жоспарланған. Олардың нәтижесінде 1 389 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамту, мектептер мен медициналық нысандарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, ауданға 586,8 млн теңге жол жөндеуге бөлініп, білім беру саласында 802 млн теңгеге Шалабай ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде.
«Басты мақсатымыз – аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту», – деді аудан әкімі.
Пікір қалдыру