Жарма ауданының жас спортшысы Арайлым Игимбаева Үндістанда өткен армрестлингтен әлемдік жарыста топ жарып, І орын иеленді. Осылайша, ол әлем чемпионы атанып, Қазақстанның көк туын биікте желбіретті.
Халықаралық деңгейдегі жарыста бақ сынаған Арайлым қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетіп, жоғары дайындық деңгейі мен спорттық шеберлігін дәлелдеді. Оның жеңісі – ұзақ жылғы еңбектің, табандылықтың және үздіксіз жаттығудың нәтижесі.
Жас спортшының бұл жетістігі – Жарма ауданы үшін зор мақтаныш. Сонымен қатар, Арайлымның жеңісі өңірдегі спорт саласының дамуына және жас ұрпақтың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыруға серпін береді.
Арайлым Игимбаеваны және оның жаттықтырушыларын айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда Қазақстанның абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз.
Пікір қалдыру