Семейде ескі автогуж көпірінің жанында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 47,3 млрд теңгелік нысанның бүгінде 85 пайызы аяқталған.
Төрт жолақты көпірдің ұзындығы 810 метр, ені – 23 метр. 9 тіректің 8-і орнатылып, 9 мың тонна металл конструкцияның 8,5 мың тоннасы монтаждалды. Құрылыста 200-ден астам адам еңбек етуде.
Жаңа көпірдегі көлік қозғалысын биыл іске қосу жоспарланған. Ал қолданыстағы ескі көпір жаяу жүргіншілерге арналған демалыс орнына айналады.
Облыс әкімі Берік Уәли құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
🌉Семейдегі жаңа көпір құрылысы 85 пайызға аяқталды
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру