Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланған алғашқы күні, яғни, 2019 жылдың 12 маусымында Ақордаға әкімдерді жинап, былай деді:
– Заң алдында билік өкілдері де, азаматтар да бірдей. Бастысы – халықпен диалог орнату. Билік халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек. Шенеуніктер кабинеттерінде отырмауы керек. Тұрғындармен жұмыс істеуі керек. Әкімдер мемлекеттің саясатын азаматтарға түсіндіруі тиіс.
Осы месседж айтылған кезде Президенттің жанында отырған Берік Уәли қазір Абай облысының әкімі.
Ол тағайындалған күннен бері барлық аудан, қалалардың 68 елді мекенін, соның ішінде 16 шалғай ауылдарын аралапты.
Бұрын аудан орталықтары болып, кейін өзге аудандарға қосылған өңірлерге дейін барды. Атап айтқанда, Шар қаласында, Баршатас, Таскескен және Қайнар ауылдарында болып, тұрғындардың тыныс тіршілігімен, ірі кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының жұмысымен және олардың өзекті мәселелерімен жақын танысты.
Облыс әкімін бұрын-соңды көзбе-көз көрмеген тұрғындардың көбі кездесулерде таңғалыстарын жасырмады.
Берік Уәлидің тынбай, өңірді толық аралауы, біріншіден, Президенттің “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына толық сәйкес келеді.
Екіншіден, өзі басшылық етіп отырған аймақты жіті біліп, тұрғындарымен етене жақын болуына жол ашты.
Кеше облыс халқының алдына шығып, Абай облысының даму жоспарын таныстырғанда Б.Уәли өңірдің нақты жағдайы туралы Президентке баяндағанын атап өтті.
– Мемлекет Басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге,тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қолдау жасайтынын атап өтті. Сондай-ақ, бізге Үкіметпен бірге аймақты қарқынды дамытудың жолдарын қарастырып, өңірдің өзекті мәселелерін кезең-кезеңімен шешуді тапсырды, – деді облыс әкімі.
Семей жұртының да көптен күткені осы болатын.
Халықпен байланыс – басты басымдық
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру