Ұлттық домбыра күні қарсаңында Көкпекті ауданының Тассай ауылында тағылымы мол, өнегесі зор игі шара өтті. Тассай орта мектебінің 2006 жылғы түлектері туған ауылдарына ерекше тарту жасап, елге деген перзенттік сүйіспеншіліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Түлектер ауыл тұрғындарына биіктігі 6 метрден асатын, алтын түстес металдан жасалған «Домбыра» арт-нысанын сыйға тартты. Ауылдық клуб жанындағы алаңға орнатылған еңселі домбыра бүгінде ауылдың көркін айшықтап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін көрікті орынға айналды.
Арт-нысанның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Аслан Танысбаев қатысып, аудан әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлының атынан мектеп түлектеріне шынайы ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлының «Туған жерге туыңды тік» бастамасын қолдап, туған өлкесінің көркеюіне үлес қосқан түлектерге алғыс білдірді.
Ерекше атап өтерлігі, Тассай ауылы мектеп түлектерінің туған ауылына қолдау көрсету дәстүрі 10 жылға жуық уақыт бойы үздіксіз жалғасып келеді. Осы жылдар ішінде әр жылғы түлектер туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосып, ел игілігіне қызмет ететін түрлі нысандарды тарту етіп келеді.
🪕Туған жерге тарту: Тассай түлектері ауылға алып домбыра сыйлады
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру