Абай облысының туризм саласы

Облыс әкімі туризмді өңір дамуының маңызды басымдықтарының бірі ретінде белгілеп отыр. Берік Уәли 17 мамыр күні жұртшылыққа таныстырған облыстың даму жоспарына сәйкес, аталған салада кешенді әрі жүйелі жұмыстар қолға алынып жатыр.

Маңызды басымдық дейтін себебіміз, жаңа әкімнің алғашқы шешімдерінің бірі - Туризм басқармасын құру болды.

Бұл басқарма саланы кәсіби деңгейде дамыту үшін арнайы құрылған. Оның мақсаты – өңірдің табиғи, тарихи және мәдени нысандарын тиімді пайдалана отырып, туризм индустриясын өркендету.

Ірі инфрақұрылымдық жобалар:

  1. 430 млн теңге Қабанбай ауылындағы Алакөл жағалауын абаттандыру мен бас жоспарын өзгертуге бөлінді.
  2. Ең танымал туристік орындар – Жидебай-Бөрілі музейі, Қоңыр-Әулие үңгірі, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ескерткіші, Барлық-Арасан, Елеке сазы қорғандары, Тұзды көл және басқа да нысандар кезең-кезеңімен дамытылады.


Көлік қатынастары:

  1. Семей, Аягөз, Шар, Ақтоғай және басқа да теміржол вокзалдары жөндеуден өтеді.
  2. «Семей – Астана» бағытына қосымша рейстер іске қосылды, «Семей – Қарағанды» бағыты да ашылмақ.


Туристер ағыны екі есе артады

  • Жүзеге асырылатын жобалар нәтижесінде облысқа келетін туристер саны 300 мыңнан 600 мыңға дейін өседі.
  • Көрсетілетін қызмет көлемі 5,3 млрд теңгеден 1,5 есеге артады.


Инвестициялар мен кәсіпкерлікке серпін береді

  • Семей қаласында «Semey Mall» сауда-ойын-сауық орталығы мен «PANA» қонақүй кешені салынады.
  • Бұл жобалар арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54 мыңнан 63 мыңға жетіп, өңірлік өнімдегі үлесі 17%-дан 20%-ға дейін артады.


Қауіпсіз әрі жайлы туристік орта – басты талап

Облыс әкімдігі инфрақұрылыммен қатар, туристер үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдай жасауға басымдық беріп отыр.

Абай облысы туризм арқылы өңірлік экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға нақты қадамдар жасап отыр деуге негіз бар. Бұл – халықтың өмір сапасын жақсартып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыратын маңызды бағыт.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап