Абай облысының оқушылары халықаралық жасанды интел...
Абай облысының оқушылары халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында ІІ орын иеленді
Алматы қаласында өткен халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) жасанды интеллект олимпиадасында Абай облысының Білім-инновация лицейінің оқушылары жүлделі ІІ орын иеленді.
Команда құрамында 10-сынып оқушылары Темірлан Жүнүсов, Асанәлі Микебаев, 11-сынып оқушысы Әлем Аменов бақ сынады. Финалдық кезең жеңімпаздары 31 қазанда Алматы қаласында салтанатты түрде марапатталды. FAIO – жасанды интеллект саласындағы оқушыларға арналған ең ауқымды халықаралық командалық олимпиадалардың бірі. Биылғы додаға Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан және Кипр елдерінен 400-ден астам команда (1200-ге жуық қатысушы) қатысты. Олимпиада тапсырмалары бағдарламалау, алгоритм құрастыру және машиналық оқыту элементтерін қамтыды. Бұл оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілетін, сондай-ақ командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталды. Абай облысы командасының бұл жетістігі – өңірдегі білім беру жүйесінде IT және цифрлық технологиялар бағытына ерекше назар аударылып отырғанының айқын дәлелі.
Пікір қалдыру