Аягөз қаласында «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшелері референдумда дауыс берді


2026 жылғы 15 наурызда Аягөз қаласындағы №204 референдум учаскесінде «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшелері дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.

Дауыс беру Аягөз қаласы, Абай бульвары, 12 мекенжайында орналасқан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимаратында ұйымдастырылған референдум учаскесінде өтті.

Қаланың мәдени өмірінде ерекше орны бар, биыл құрылғанына 10 жыл толып отырған «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшелері референдум учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауларын жасады. Ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттап жүрген өнерлі әжелердің бұл қадамы жас буынға үлгі болып, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі болды.

Ансамбль мүшелері қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға белсенді қатысу әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті. Олардың айтуынша, ел тағдырына қатысты шешімдерге қатысу – азаматтық жауапкершіліктің айқын белгісі.

Спикер – «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшесі Жаңылхан Құласбаева:

«Бүгін елімізде маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Біз үшін бұл – үлкен қуаныш. Болашақ ұрпақ үшін маңызды өзгерістердің бастамасы деп ойлаймыз. Біз, “Айтаңсық” әжелер ансамблінің мүшелері, арнайы келіп, бірауыздан дауыс бердік. Елдің ертеңі мен болашағы бәрімізге ортақ», – деді ансамбль мүшесі.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап