📢Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!


Жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 14 қараша күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Қайым Мұхамедханов көшесінің Абай көшесінен Ибраев көшесіне дейінгі аралығында автокөлік қозғалысы толықтай шектеледі.

Осыған байланысты № 2, 3, 5, 9, 17, 28, 29, 31, 33, 35, 36, 41, 43 және 56 автобус бағыттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.

🔹Автобустардың уақытша қозғалыс сызбалары:

🔹 № 2, 17, 35 бағыттар: Жұмабаев көшесі → Найманбаев көшесі → Қ. Мұхамедханов көшесі, одан әрі бекітілген бағыттары бойынша қозғалады.

🔹 № 5 бағыт: Найманбаев көшесі → Қ. Мұхамедханов көшесі, одан әрі бекітілген бағыты бойынша қозғалады.

🔹 № 3 бағыт: Шәкәрім даңғылы → Дулатов көшесі, одан әрі бекітілген бағыты бойынша қозғалады.

🔹 № 9, 33, 36, 41 бағыттар: Шәкәрім даңғылы → Қабанбай батыр көшесі, одан әрі бекітілген бағыттары бойынша қозғалады.

🔹 № 28, 56 бағыттар: Шәкәрім даңғылы → Қабанбай батыр көшесі → Қ. Мұхамедханов көшесі, одан әрі бекітілген бағыттары бойынша қозғалады.

🔹 № 29 бағыт: М. Жұмабаев көшесі → Найманбаев көшесі → Қ. Мұхамедханов көшесі → Дулатов көшесі, одан әрі бекітілген бағыты бойынша қозғалады.

🔹 № 31, 43 бағыттар: М. Жұмабаев көшесі → Дулатов көшесі, одан әрі бекітілген бағыттары бойынша қозғалады.

Кері бағытта автобустар осы қозғалыс сызбалары бойынша қатынайды.

Жол қозғалысы шектелген кезеңде автобус бағыттарына байланысты «Орталық алаң», «Абай алаңы», «Жастар сарайы», «Медицина академиясы» және басқа да бірқатар аялдамаларға автобустар уақытша тоқтамайды.

№ 2, 17, 29, 31, 35 және 43 бағыттар үшін Жұмабаев көшесіндегі аялдамаға міндетті түрде тоқтау қарастырылған.

№ 3, 9, 28, 33, 36, 41 және 56 бағыттар Шәкәрім даңғылында орналасқан аялдамаларға міндетті түрде тоқтайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын алдын ала жоспарлауды, қоғамдық көлік қозғалысындағы уақытша өзгерістерді және жол жүру уақытының ұзаруы мүмкін екенін ескеруді сұраймыз.


Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап