Абай ауданында балаларға арналған ойын алаңы салынды

Абай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Үздік көше – 2025» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – тұрғындарды өз көшелерін абаттандыруға белсенді қатысуға ынталандыру, ортақ іске және елді мекендердің сырт келбетін жақсартуға үлес қосу.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік көше – 2025» номинациясында Қарауыл ауылындағы Ораз Құтжанов көшесінің тұрғындары жеңімпаз атанды. Комиссия бағалау барысында көшенің тазалығын, тұрғындардың бірлігін және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқанын ескерді.

Жеңіске жеткеннен кейін тұрғындар көшені абаттандыруды жалғастырып, балаларға қолайлы жағдай жасау туралы ұсыныс білдірді. Бұл бастама қолдау тауып, Ораз Құтжанов көшесінде жаңа балалар ойын алаңы бой көтерді. Жаңа алаң балалардың бос уақытын қауіпсіз әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап