Ақсуат ауданында жаңа футбол және ойын алаңдары ашылды

Ақсуат ауданының Ойшілік ауылында «Ауыл күні» мерекесі аталып өтті. Мерекелік шара аясында ауылда жаңа кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңы салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Берік Уәли ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың ел игілігіне берілуімен құттықтады. Ол өңірдегі ауылдарды кешенді дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Заманауи спорт және ойын алаңдары Ойшілік ауылының тумасы, «AN Groups» ЖШС бас директоры, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қайнар Дүйсеновтің демеушілігімен салынды.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап