Облыс әкімі Берік Уәли Ақсуат ауданының орталығы Ақсуат ауылындағы коммуналдық кәсіпорынның, басқа да халыққа қызмет көрсететін мекемелердің жұмысымен, ондағы техникалардың қысқы кезеңге дайындығымен танысты.
⌛Қыс мезгілінде аудан аумағындағы автомобиль жолдарын қардан тазарту, көшелерді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы техникалардың жарамдылығы мен жеткілікті болуы маңызды. Осы бағытта соңғы жылдары Ақсуат ауданындағы коммуналдық қызметтің материалдық-техникалық базасын жаңартуға кезең-кезеңімен қаржы бөлініп келеді.
2023 жылы жергілікті коммуналдық қызметке 6 арнайы техника сатып алынған. Олардың қатарында автогрейдер, экскаватор-тиегіш, алдыңғы тиегіш, жол щеткасы, кәріз жүйесіне арналған вакуумдық машина және самосвал бар. 2024 жылы 4 техника алынған. Олар – асфальт төсегіш, қос барабанды өздігінен жүретін каток, телескоптық көтергіш және шынжыр табанды экскаватор. Ал былтыр XCMG маркалы 3 самосвал мен Hunter+ маркалы пикап сатып алынды.
Биыл да техникалық базаны жаңарту жұмыстары жалғасуда. Semaz YTO маркалы 2 трактор, 2 тіркеме, 2 арнайы механизм және 2 экскаватор шөміші
алынған.
Аймақ басшысы қысқы кезеңде коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы техникаларды тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.
📊Жалпы, соңғы төрт жылда Ақсуат ауданындағы коммуналдық қызметтің техникалық паркін жаңартуға 707,1 млн теңге бөлініп, 18 арнайы техника мен жабдық сатып алынған. Бұл жұмыстар ауданның коммуналдық инфрақұрылымын жақсартуға, қысқы кезеңдегі қызмет сапасын арттыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Пікір қалдыру