Курчатов қаласында жастарға арналған маңызды әлеуметтік нысан — жаңадан жаңғыртылған «Жастар ресурстық орталығы» пайдалануға берілді. 1949 жылы салынған тарихи ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай қайта жаңартылды.
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Курчатов қаласына барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Сапар барысында жастар саясаты мен медицина саласына қатысты жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.
Іс-шара аясында қайта жаңғыртудан өткен «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жалпы құны 475 миллион теңгені құрайтын жоба нәтижесінде ғимарат толық жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Жаңа орталықта жастар ресурстық орталығы мен тілдерді дамыту орталығы жұмыс істейтін болады. Мұнда жастарға арналған түрлі жобалар, білім беру және шығармашылық бастамалар жүзеге асырылып, жас буынның дамуына қолайлы орта қалыптастырылады.
Пікір қалдыру