⚡️Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында облыс әкімі Берік Уәли өңірдің 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады.

🆒Облыста орталықтандырылған жылумен 3 қала мен 5 аудан қамтылған. Биыл жылыту маусымына дайындық аясында 14,5 млрд теңгеге 32 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 15,8 млрд теңгеге 6 жоба қолға алынған.

Әлеуметтік сала нысандары мен тұрғын үй қорының дайындығы да жоғары деңгейде. Білім беру және әлеуметтік қорғау нысандары жылыту маусымына 100 пайыз, денсаулық сақтау нысандары 97 пайыз, тұрғын үйлер 98 пайыз дайын.

Семей қаласында 1 жылу электр орталығы мен 20 қазандық жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қазандықтардың 18-і алдағы жылыту маусымына толық дайын. Қалған екі қазандықтағы ағымдағы жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

🟫Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 409 шақырым. Оның 325 шақырымы Семей қаласына тиесілі. Желілердің тозу деңгейі – 55,6 пайыз. Биыл 6,4 млрд теңгеге 38 шақырым жылу желісін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 

«Жобалар толық іске асқаннан кейін облыс бойынша жылу желілерінің тозу деңгейі 55,6 пайыздан 52,3 пайызға, Семей қаласында 58,2 пайыздан 54,1 пайызға дейін төмендейді. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталады. Аталған жұмыстар жеке бақылауымда болады», – деді Берік Уәли.


Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап