Жарма кентінде балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған «Zere art» шығармашылық орталығы өз жұмысын бастады.
Жаңа орталықтың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік жасау.
Орталықта түрлі шығармашылық бағыттар бойынша үйірмелер мен сабақтар ұйымдастырылып, қатысушылар өз қабілеттерін шыңдап, жаңа өнер түрлерін меңгере алады.
«Zere art» – жас таланттардың басын қосып, олардың шығармашылық ізденісіне қолдау көрсететін заманауи орталық болмақ.
✨ Жаңа орталықтың жұмысына сәттілік, ал жас өнерпаздарға шығармашылық шабыт тілейміз!
🎨 ЖАРМА КЕНТІНДЕ «ZERE ART» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру