Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту және техникалық әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның ішінде ауыл шаруашылығы техника паркін жаңарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
2026 жылдың басынан бері аудан шаруашылықтары лизингтік бағдарламалар арқылы жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды белсенді жүргізуде. Осы кезеңде жалпы құны 331 миллион 470 мың теңгеге 23 бірлік жаңа трактор сатып алынып, шаруашылықтардың игілігіне берілді. Сонымен қатар, техникалардың өнімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында 14 миллион 80 мың теңгеге қосалқы агрегаттар сатып алынды.
Бұл өз кезегінде ауданның агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтуға оң әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылығы техника паркін жаңарту жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Алдағы уақытта да мемлекеттік қолдау шаралары мен лизингтік бағдарламалардың тиімді мүмкіндіктерін пайдалану арқылы шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын нығайту көзделіп отыр.
Ауданда ауыл шаруашылығы техника паркі жаңартылуда
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру