Ақсуат ауылында қазақ тарихында өзіндік орны бар көрнекті тұлға, ел басқарған болыс, әділ би, ағартушылық жолында өз қаржысына мектеп пен медреселер ашқан қайраткер Тана Тілемісұлының еңселі ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Тағылымды шараға қатысқан аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, Тана мырзаның ел тарихындағы қайраткерлік қызметі мен ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.

Ескерткіш баба ұрпақтарының бастамасымен, Тоқтаров Кәкен бастаған азаматтардың қаржылай қолдауы нәтижесінде бой көтерді.

Салтанатты жиынға Ақсуат тұрғындарымен қатар, республика көлемінен келген зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері қатысып, жүрекжарды лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді.Сондай-ақ Көкпекті ауданынан “Жанай көші” келіп шараның көркін қыздырды.

Ескерткіштің ашылу рәсімі «Алашқа тұлға болған – Тана мырза» атты тарихи-танымдық конференциямен жалғасып, онда тұлғаның өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты құнды баяндамалар мен пікірлер айтылды.

Ұлт тарихында өзіндік із қалдырған Тана Тілемісұлының өнегелі өмір жолын ұлықтауға арналған бұл игі шара жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап