Екпін ауылында жас өнерпаз болған Медет Тұңғатовты еске алуға арналған өнер адамдары арасындағы дәстүрлі облыстық «Өнер CUP» шағын футбол турнирі жалауын желбіретті.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Мерей Қайырбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі және бұл доданың мәдениет пен спортты ұштастырудағы маңызы зор екенін атап өтті.
Доп додасында облысымыздың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар тек сахнада ғана емес, жасыл алаңда да нағыз шебер екендіктерін дәлелдеп, тартысты ойын көрсетті. Өнер мен спортты серік еткен азаматтардың бұл кездесуі Медет Тұңғатовтың жарқын бейнесін еске алып, рухына тағзым етудің жарқын үлгісі болды.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап