Көкжыра ауылында тағылымды бастама жүзеге асты

Көкжыра ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленин орденінің иегері Сағат Құрмашұлының және ауыл шаруашылығы саласының үздігі, ел басқару ісінде өнегелі із қалдырған Нәзіл Жұмағалиевтің жарқын өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында олардың фотосуреттері, өмірбаяны мен еңбек жолы қамтылған ақпараттық билбордтар орнатылды.

Бұл игі істі қос ардақты азаматтың ұрпақтары қолға алып, туған ауылына деген құрметі мен перзенттік парызын айқын көрсетті. Ақпараттық билбордтар ауылдың көрнекті жеріне орналастырылып, тұрғындар мен жастарға елге адал қызмет еткен тұлғалардың өмірі мен еңбегінен тағылым алуға мүмкіндік береді.

Өткенін ұлықтап, елге еңбегі сіңген азаматтардың есімін ұмытпай, кейінгі ұрпаққа өнеге ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар ауылымыздың рухани құндылықтарын дәріптеп, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.

Көкжыра ауылының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардақты азаматтардың есімдері ел жадында мәңгі сақталып, кейінгі буынға үлгі болып қала береді.Болашақта бұл жерлер айналасына ағаштар егіліп, абаттандырылатын болады. Жарқын істер жалғасын табатынына сенім білдіреміз.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап