Бүгін Семей қаласында әлеуметтік осал топқа жататын 30-ға жуық жанұяға жаңа пәтер кілттері табыс етілді. Бұл — талай жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін көптен күткен қуанышты сәт. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар үшін бұл оқиға өмірлеріндегі маңызды кезеңдердің бірі болды.
Салтанатты рәсімге Берік Уәли мен Әділет Қожанбаев қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады. Аймақ басшылары мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті. Әсіресе, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды және басқа да әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамту – өңір саясатының басым бағыттарының бірі екені айтылды.
Жаңа пәтер иелері өз ризашылықтарын білдіріп, бұл күнді ерекше толқумен күткендерін жеткізді. Олардың айтуынша, тұрақты баспананың болуы – балалардың алаңсыз өсіп, болашаққа сеніммен қарауына үлкен мүмкіндік береді.
Аталған бастама азаматтарға қолжетімді әрі жайлы тұрғын үй ұсынып қана қоймай, олардың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және қоғамдағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы уақытта да өңірде тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік қолдау шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.
Семейде 30-ға жуық жанұя баспаналы болды
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру