Семей қаласындағы №31 мектепте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында эко-аукцион ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – қалдықтарды сұрыптау арқылы қоқыс көлемін азайтып, қажетсіз заттарға екінші өмір сыйлау.
Эко-аукцион барысында кітап және гүл алмасу алаңдары жұмыс істеп, балаларға арналған заттарды қайта пайдалануға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық жұмыстары таныстырылды.
- «Эко-аукционның жалпы мақсаты – сұрыптау арқылы қоқысты азайту және кез келген затқа, кез келген қалдыққа екінші өмір сыйлау. Балалардың белсенділігі қуантады. Бүгінде 15 оқушы акцияға белсенді қатысып жатыр», – дейді №31 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шынар Қайырбаева.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Семейде «Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-аукцион өтті
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру