Екі күнге созылған Шымкент қаласының мәдениет күндері аясында бүгін Семейдегі Абай атындағы драма театрда «Шежірелі Шымкенттен – Ұлы Абай еліне» атты концерттік бағдарлама ұсынылды.
Гала-концерт алдында облыс әкімі Берік Уәли мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құттықтау сөз сөйледі. Аймақ басшысы оңтүстіктен келген қонақтарға, 200-ге жуық адамнан құралған арнайы делегацияны, өнерпаздарды жіберген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке
алғысын жеткізді.
Концертте Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, Шымкент цирк эстрадалық оркестрі, «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі, «Қазына» халық би ансамблі, «Өркен» тобы, дәстүрлі әншілер және танымал эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербеков, Бағылан Жолдасов пен Бота Әлімхан өнер көрсетіп, Шәмшінің әндерін әуелетіп, Сүгірдің күйлерін күмбірлетті.
Семейде Шымкент қаласының мәдениет күндері өтті
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру