Семей қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Бердікенов Абай облысында Жаңа Конституцияға қатысты дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасады.
Өз сөзінде ол бүгінгі күннің ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
- Бүгін барлығымыз үшін маңызды күн. Мен де өз таңдауымды жасап, алғашқылардың бірі болып дауыс бердім. Бұл мәселе бұған дейін халық арасында жан-жақты талқыланды. Қоғамда үлкен қолдау бар екенін байқауға болады. Бүгін дауыс беруге жастар да, аға буын өкілдері де белсенді қатысып жатыр. Бұл – еліміздің болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың көп екенін көрсетеді. Жаңа Конституция еліміздің дамуына жаңа серпін беріп, қоғамымыздың одан әрі жаңғыруына жол ашады деп сенемін, – деді ол.
Пікір қалдыру