Жарма ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Берік Терлікбаев баяндады.
– Биыл Шар қаласындағы жалпы ұзындығы 7,1 шақырым болатын бес көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Сарыарқа ауылындағы 1,3 шақырым көше жолы жөнделді, – деді Берік Терлікбаев.
Бұдан бөлек, Үшбиік ауылында Ащысу өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл мәселені тұрғындар көп жылдан бері көтеріп келген.
Жарма ауданында 7,1 шақырым жол жөнделуде
Пікірлер (0)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!
Пікір қалдыру