Жарма ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Берік Терлікбаев баяндады.
Суықбұлақ кентіне қарасты Новотаубинка ауылында 100 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Нысанды қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.
– Сонымен қатар Шалабай ауылындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр, – деді Берік Терлікбаев.
Пікір қалдыру