Сайлау жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес өтеді

Мәслихат депутаты болып 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған, бас бостандығынан айыру орындарында отырған, өтелмеген соттылығы бар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмысы немесе құқық бұзушылығы бойынша кінәсі сотта танылған адамдардың сайлануға құқығы жоқ.

Кандидаттар үшін ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшеріне, яғни 425 мың теңгеге тең сайлау жарнасы белгіленген. Бұл жарна партия кемінде 5% дауыс жинаған жағдайда, сондай-ақ кандидат сайланған немесе кемінде 5% дауыс алған кезде қайтарылады.

Кандидаттарды ұсыну 14-27 қазан аралығында өтті. Сайлауалды үгіт-насихат 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. 28 қараша – тыныштық күні. Дауыс беру 29 қарашада сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Заңда көзделген жағдайларда аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру уақытын өзгерте алады. Сайлау қорытындылары бес күн ішінде шығарылады. Сайлауға қатысуға барлық жеті саяси партия жіберілді.

Пікірлер (0)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір қалдыру

Пікірге жауап